Ұшақ кешіксе, билет құнының бір бөлігі қайтарылады

2567
Adyrna.kz Telegram
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Ұшақ кешіксе, билет құнының бір бөлігі қайтарылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әр сағат үшін 3 проценті қайтарылмақ. 

«Заңға қосымша өзгеріс енгізіліп отыр. Әуе компаниясының кінәсінен ұшақ уақытында ұшпаса, әр сағатына билет ақысының 3 процентін қайтаруы керек», - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. 

Жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы өз ақшасын өндіре алады.

Пікірлер