Алматылық әйел қайын әпкесін өлтіріп, үйді өртеген

2951
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында 29 жастағы әйел қайын апасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында болған. 6 шілде күні түнгі сағат 3:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция басқармасына жер үйдің бірі өртеніп, ішінен 37 жастағы әйел адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түсті.

27 жастағы көршісі түн ішінде оянып, өртеніп жатқан үйге көмекке жүгірген. Ер адам жанып жатқан үйден кәмелет жасына толмаған 3 баланы және әйел адамды алып шыққан.

«Тергеу кезінде өрттен құтқарылған 29 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікке ілінді. Ол өзінің қайын әпкесін өлтіріп, үйді өртегенін мойындады. Сөзінше, ол жасаған қылмысынан соң үйге бензин құйып, өзін де, балаларды да өртеп жібермек болған», – деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір осы қанды қылмысқа қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 29 жастағы әйел қамауға алынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер