Гавай аралдарындағы Ресейдің әскери жаттығулары сақтықты тудыруы керек деп жазды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Daily Express-ке" сілтеме жасап.
«Жетпіс жыл бұрын біз Перл-Харборға шабуыл жасадық... Мен сізге бұл шабуылды еске салғым келмейді, бірақ орыс әскери жаттығуына сақтықпен қарау керек», - деді Жапонияның қорғаныс министрінің орынбасары Ясухидэ Накаяма Ресейдің іс-әрекеттері мен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жапон армиясының Американың Оаху аралына шабуылы жайлы айта келіп.
Ол сондай-ақ, Қытайға қатысты оқшаулау саясатын жүргізуге шақырды.
"Америка Құрама Штаттарының Үнді-Тынық мұхиты қолбасшылығы Батыс Тынық мұхитындағы халықаралық суларда жұмыс істейтін ресейлік кемелерді бақылайды. Біз Ресейден маневрлерін халықаралық құқықты бұзбай жүзеге асырады деп күтеміз", - деп қорытындылады сөзін министр орынбасары.
Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Тынық мұхит флотының кемелері теңіз авиациясымен бірге қазіргі тарихта тұңғыш рет Тынық мұхитының орталық бөлігінде, Куриледен оңтүстік-шығысқа қарай 4,6 мың шақырым қашықтықта маневр жасайтынын хабарлаған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы.