Талғат Мұсабаев аутизммен ауыратын балаға тіл тигізген

2623
Adyrna.kz Telegram

25 маусымда әлеуметтік желіде Алина Нұртас сенат депутаты Талғат Мұсабаев оған күш қолданды деп айыптаған. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткеннің айтуынша, сенат депутаты сыртта итімен серуендеп жүргенде оны балағаттап, қол көтерген. Бірақ Талғат Мұсабаевтың өзі барлығын жоққа шығарып отыр.

27 маусым елорданың тағы бір тұрғыны Талғат Мұсабаевтың ұстамсыздығына шағымданды.

Әлия Әбдібайытованың айтуынша, Алина Нұртасқа шабуыл жасалған саябақта былтыр қыста аутизммен ауыратын балаға күш көрсетілген.

– Қыста триатлон паркінде итпен қыдырып жүрген Әмірге ер адам агрессия көрсеткен. Ол үйге келгесін ер адамның оған ұрсып, балағаттап, итеріп жібергенін айтты. Бұл жағдайға баланың қолындағы кішкентай ит себеп болған, – деп жазды Әбдібайытова Instagram-парақшасында.

Анықталғандай, Әмір есімді бала аутизммен ауырады. Сондықтан ол сенат депутатына сол жерде жауап бере алмаған.

– Мен Әмірдің өтірік айтпайтынын білемін. Бүгін құрбым триатлон паркінде осы адамның қатысуымен болған оқиға туралы жазылған мақаланы жіберді. Мен Әмірге ер адамның суретін көрсеттім, ол өзін боқтап, итеріп жіберген ер адамды таныды, – деді елорда тұрғыны.

Сенат депутаты Талғат Мұсабаевтың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов «ақпаратты тексеру керек» деп мәлімдеді.

Пікірлер