Чехияның солтүстік-батысындағы ауылға торнадо соғып, елді мекеннің тас-талқанын шығарған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Елді мекенде ешкім зардап шекпеген. Ал материалдық шығын ондаған миллион еуроға бағаланып отыр.
Бұған дейін Чехияның оңтүстік-шығысында орналасқан Оңтүстік Моравияға соққан алғашқы торнадо бірнеше елді мекендегі үйлерді қиратқан болатын. Одан 300-ге жуық адам зардап шегіп, 5 тұрғын көз жұмған. Ал жұма күні болған торнадо түгел ауылды қиратқан.
Синоптиктердің мәліметінше, мұнда торнадо күші 5 балдық деңгейдің 3 немесе 4-деңгейіне жеткен. Оның арты теннис добының көлеміндей бұршаққа ұласқан.
Қазір Чехияда зардап шеккен ауылдарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде.
"Адырна" ұлттық порталы.