"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар". АҚШ-та жойқын торнадо болды

1310
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alex freed / Reuters
Фото: Alex freed / Reuters

АҚШ-та жойқын торнадо болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РБК-ға сілтеп.

Басылымның мәліметінше қатты дауыл салдарынан кем дегенде бес штат зардап шеккен.

Торнадо жұма күні басталып, бүгінге дейін басылмаған. АҚШ-тың орталық бөлігінде жауын-шашынның күшейіп, үйлерге зақым келгені анықталып отыр. Ең қатты зардап шеккен аймақтардың бірі деп Небраска штатындағы Омаха қаласының Элхорн ауданы танылды.

Жойқын дауыл көліктерді аударып, үйлердің шатырларын жұлып әкетті. Аймақтағы кейбір тұрғын үйлер толығымен қирап қалған. Желді апат салдарынан Уэйверли қаласына жақын жерде бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.

Ресми деректерге сүйенсек, 27 сәуір күні АҚШ-тағы бірнеше штатта жойқын торнадо салдарынан 6 адам зардап шегіп, 3 адам көз жұмды.

Пікірлер