АҚШ-та торнадо дауылы тұрып, 25 адам көз жұмды

3126
Adyrna.kz Telegram
Фото: Euronews
Фото: Euronews

АҚШ-тың Миссисипи штатында торнадо дауылы тұрып, 25 адам мерт болды. Бұл туралы  Euronews жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Табиғат құбылысынан Роллинг-Форк қаласы қаттырақ зардап шекті. Қалада жүздеген ғимарат қирап, ондаған адам жарақаттанды.

АҚШ Президенті Джо Байден бірнеше округте төтенше жағдай режимін жариялады. Зардап шеккендерге көмек беруді тапсырды. Соны ішінде уақытша баспана тұрғызу да бар. Бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғын үйлері сақтандырылмағандарға жеңілдікпен несие беру қажеттігін айтты.

Айта кетейік, 2011 жылғы сәуірде осы штатта торнадо тұрып, 31 адам ажал құшқан еді.

Пікірлер