Атырау облысына жұмыс сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева келді. Сапар барысында ол, өңірдің бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты.
2020 жылдың 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Қамқорлық» қорының бастамасымен Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында балаларды оңалту орталығы ресми түрде ашылды. Өз жұмысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқаруда. Орталықта балаларды оңалтуға арналған 50 төсек орын бөлінген. Оның 25-і тәуліктік және 25 төсек күндізгі стационарға қарастырылған.
Мұнда невролог дәрігері, 2 реабилитолог, үйлестіруші, физиотерапевт, эрготерапевт, 6 Емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушылары, 2 психолог, 2 логопед, 2 дефектолог, 4 медбике жұмыс істейді.
2021 жылдың басынан бері орталықта 315 бала оңалтудан өткен. Оның ішінде, 160 бала тәуіліктік, 155 бала күндізгі стационарда,- деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.
Жұмыс сапары барысында Дариға Назарбаева облыстық кардиоорталықтың да жұмысымен танысты.