"Тіл салақ сөйлегеннен бұзылады!"

2849
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

 Қазақ тілі - көркем, астарында салиқалы ой жатқан өте бай тіл. Дана халқымыздың ежелден мұра етіп қалдырған, құнды теңдесі жоқ байлығының бірі де - ұлттық тіліміз. Иә, қазақ тілінің тағдыры оңай болмағаны бәрімізге мәлім. Тарих үшін шындықты сөйлейік. Сонау сұрқия саясаттың серпініне ұшырап ,осы уақытқа дейін ана тіліміз шұбарланып келді.Ғабит Мүсірепов өз заманында былай деген екен: «Тіл салақ сөйлегеннен бұзылады». Қоғам арасында тілімізге салақ қарап жүрген адамдар қаншама?

Сонау замандардан бері елдің ұлттығын сақтап, көрегендік танытқан қазақ хандарының, халыққа үлгі-өнеге көрсетіп, жөн сілтеген би-шешендердің, талай қиындықта төзе білген Алаш арыстарының ұрпаққа аманаттап жеткізген қазақ тілі XXI ғасырда еш жанға керек болмағандығы жүрекке батар ауыр сыз дерсіз. Балабақшада ойнап жүрген бүлдіршіннен бастап, алдыңыздан кесе-көлденең жолыққан кез келген жас өзінің ұлттық мұрасынан, туған тілдің тағдырынан, тарих жолынан хабарсыз. Мәңгүртің тіліндей. "Ұлтың кім, балақай?" деп, сұрақ қойғанда: "Я - казах"  деп, селт етпестен жауап қайтарады. Тілді менсінбеушілік — қоғамдағы аса ауыр дерттің бірі. Ауру әбден асқынғанда ғана тіл жойылады.

1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы бойынша  "қазақ тілі - Қазақстаның мемлекеттік тілі , орыс тілі  - ұлтаралық тіл" деп көрсетілген. Қазіргі таңда елімізде  үш тұғырлы тіл саясаты қолданылып келеді. Еліміздегі ірі қалаларда аумағында, орыс тілінің басымдылығы бар екені де аян. Оңтүстік өңірлер тіліміздің мәнін жоғалтпай,  қазақылығын сақтап отыр. Ал кей  мекендерде бұл көрсеткіш өте төмен. Қазақ тілі сөйлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70, тіл байлығынан бойынша 3-орынды иеленеді. Сену қиын десек те, деректер осылайша сөйлейді. Әлемде ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса, бұл көрсеткіш ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың екен. Ал қытайлықтар 87019 иероглифті қолданады. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алады. Қазақ тілі ЮНЕСКО-ның 2012 жылы шығарған Index Translationum статистикасының рейтинг желісінде қазақ тілі топ-50 аударушы тіл қатарына енген, 2018 жылғы деректерге қарасақ, ЮНЕСКО-ның халықаралық бірлестігі 20 миллионнан аса адам сөйлемейтін тілдің болашағы жоқ деген ойды ұстанады.

Жойылып кету қаупі бар тілдер саны - 2 473, оның арасында қазақ тілі де бар. Әлемдік шығармалардың басым көпшілігі неміс, француз, испан, ағылшын, жапон тілдеріне аударылады, ал орыс тілі 7-орынға жайғасқан. Біз бұл көрсеткішті көтеру үшін әрқайсымыз ана тілімізде сөйлеп, ана тілінде қарым- қатынас жасауымыз керек. Себебі ата-баба аманатына қиянат жасау, әсте дұрыс емес.  Қадір Мырза Әлі:

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! -деп айтқандай, өзге тілге құрметпен қарап, ана тілімізді қастерлейік!

Батес Маликқызы

Пікірлер