Әскерге кетіп, жұмбақ жағдайда қайтыс болған сарбаздың сот ісі тағы бұрмаланды

4386
Adyrna.kz Telegram

Редакциямызға Отан алдындағы міндетін қалқысыз атқаруға ниет етіп, әскерге кеткен, алайда, сарбаз атанбай жатып жұмбақ жағдайда қайтыс болған Қалбай Әлібек Саламатұлының туысқандарынан хат келді. Бұған дейін де "Адырна" ұлттық порталы сарбаздың өліміне қатысты жүріп жатқан сот ісінің анық-қанығы жайлы жазған еді. Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмыстық іс жіті зерттелмеген. Айыпталушы тараптың айтар уәжі көп, олар әділдікті талап етіп, ҚР Қорғаныс Министрі мен Бас әскери прокурорға бағыттап үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Редакциямызға келген хатта автор Кулмагамбетов Саламат :

- 2022 жылдың 22 сәуірінде жұмбақ жағдайда қайтыс болған жас сарбаз Калбай Әлібек Саламатұлының соты жалғасын тапты. Жамбыл облысы Гвардейский қалашығы 30212 әскері бөлімінде сапта тұрған жерінде 18 жасқа енді толған баламыз «ант» қабылдамастан қайтыс болды. Қайтыс болған баламызға қатысты Гвардейский қалашығының терегеу бөлімі үш айдан соң істі сотқа жолдады. Сотқа менің қайтыс болған баламмен бірге барған жас сарбазды кінәлі етіп танып, қазіргі кезде жалғыз сарбаз Аманжулов Айболат сотталушы орындығында отыр.

Алматы Әскері Гарнизонымен басталған сот отырысы бірінші сатыдан тамыз айында Әскери Прокуратураға қайта жолданған болатын. Аталған қыдмыстық іс екі ай уақыт қайта қаралып, қазіргі кезде Алматы қаласы бойынша Әскери гарнизоны сотына судья Рахметованың табысталды. Аталған қылмыстық істе қайтадан сотталушы орындығында отырған А.Аманжуловқа бүткіл айыпты жүктеген.

Іс бойынша басқа күдіктілер танылмаған. Қылмыстық істе сарапшылар қорытындысымен 18 жерінен жарақат алып қайтыс болған Қалбай Әлібекті жалғыз сарбаз Аманжулов Айболат ұрып содан алған соққыдан қайтыс болды дегенге кім сенеді? Ешкімде оған сенбейді. Айыптау тарапы Прокурорлары бір сарбаздың ұрғанынан қайтыс болған деген айыппен айыптау тарапы мен қоса жәбірленуші тараптары да сенер емес, - деп жазған.

Мұнымен қоса алғанда, айыпталушы тарап әділдікті ту етіп, баласының атқарушы тарап өкілдері мен жоғарғы билікке нақты талап қояды:

-Қорғаныс Министрі тарапынан қылмыстық істі  жеңіл-желпі қарап отырған Әскери Прокурорларына қатысты істің мән жайына назар аударып қадағалауға алуларыңызды;

-Әскери Прокуратураға Жамбыл облысы Гвардейск қалашығы 30212 әскери бөлімшесі бойынша қаралған қылмыстық істі сотқа өткізіп отырған әскери Прокуроратура қатысты істі өзіңіздің бақылауыңызға алуды сұраймыз, - делінген хатта.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер