Қарбызды қалай таңдаймыз?

5698
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Жаз маусымында жиі тұтынылатын бақша дақылдарының бірі - қарбыз. Күн ыстығында шөл басуға таптырмайтын қарбызды қалай таңдаймыз?

Қарбыз - асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Отаны - Оңтүстік Африка еліндегі Калахари шөлі саналады. Әлемде саны 500-ден аса қарбыз түрлері өсіріледі. Ең көп тараған дақылдың тамыры тармақты, жапырақтары ірі, гүлдерінің түсі ақсары, сабағы төселмелі болып келеді. Салмағы 0,6 мен 16 келі аралығын құрайды. Құрамы 90% судан тұрады.  Осы негізде шырыны шөлді басады, әрі несеп жүргізеді. Ал дәндері қан тоқтататын, ішек құртын түсіретін қасиетке ие.

Қарбыздың сыртқы пішіні мен көрінісі көп нәрсені аңғартады. Соғылып, жырылған қарбызды көрсеңіз, мүлдем сатып алмағаныңыз абзал. Мамандар кішкентай қарбызды тұтынуға кеңес береді. Өйткені үлкен қарбыздардың көпшілігі тек дәрінің күшімен өседі екен. Егер қарбыздың салмағы 6 мен 10 келі арасында, пішіні жалпақтау болса, дәміне күмән келтірмеңіз. Сырты жылтыр, түсі қанық болуына да мән беріңіз. Мамандардың айтуынша, нағыз піскен қарбыздың сыртындағы ақ жолағы жалпақ болады және ұру арқылы шыққандағы дауысы анық естіледі.  Сонымен бірге піскен қарбыздың тағы бір белгісі - жолақтары ақ әрі жарқын көрінуі тиіс. Бетіндегі ақ дақтар қарбыздың піспегенін айқындайды. Сабағының құрғақ және түсінің сары болуына көңіл бөліңіз. Ал ішіндегі дәндерінің түсі қара қоңыр немесе қара түсті болғаны жөн. Жалпы, қарбыздың биологиялық пісіп, жетілу уақыты - жаз мезгілінің соңғы айлары.

Нағима Сахан

Пікірлер