Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 6 айында Өзбекстан шетелге 7,4 миллион АҚШ доллары көлемінде 22,8 мың тонна қауын мен қарбыз экспорттаған. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы хабарлайды.
Өткен жылмен салыстырғанда, биыл республикада өсірілген қауын мен қарбызды 14 шет ел нарығына жеткізу 18,5 мың тоннаға, яғни 5,3 есе дерлік өскен.
Соңғы 6 айда Өзбекстан ең көп қауын мен қарбызын мына мемлекеттерге экспорттады:
Қазақстан - 11,8 мың тонна
Ресей - 6,3 мың тонна
Қырғыз Республикасы - 2,9 мың тонна
Беларусь Республикасы - 527 тонна
Латвия - 524 тонна
Украина - 484,2 тонна
Германия - 131,2 тонна
Молдова - 59,5 тонна