Әлем тарихындағы ең қауіпті дерттер

2946
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Адам ағзасының ең маңызды бөлігінің бірі - иммундық жүйе. Имундық жүйенің әлсіреу барысында, адам ағзасы түрлі вирустарды өзіне жұқтырып алуы әбден мүмкін.Тек тірі организмдерде жасушасыз тіршілік ететін вирустар микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда,  пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденген. Әр заманда вирустардың өршуі түрлі эпидемиялогиялық жолдармен таралған.

Адамзат баласының тарихында жаһанды жайпаған ең алғашқы эпидемиялардың бірі  XIX - XX ғасырларда пайда болды. Еуропа халқының жартысын жер қойнауына тапсырған, бірінші оба Византия императоры Юстиниан кезінде болса,1361 жылы екінші оба «Қара өлім» атауымен белгілі болды. Вирустың шығу себептері: Орта Азияныӊ шөлейт жерлерінде басталып, Ұлы Жібек жолымен Қырымға 1343 жылы жеткен. Қырымнан Еуропаға сауда кемелерінің  егеуқұйрықтармен бірге, дәлірек айтсақ егеуқұйрықтыӊ үстіндегі шығыс бүргелерімен бірге Еуропаныӊ жағалауларында тараған. Ғалымдар обадан қайтыс болған адамдардыӊ ДНҚ–сын зерттеу барысында, аурудыӊ қоздырғышы «Yersinia Pestis» бактериясын анықтады. Оба індетінің салдарынан, Еуропада  100 млнға жуық адам қайтыс болған.Сол жылдары  халықты оңалту үшін 150 жылдай астам уақытты қажет етті. Ал үшінші оба 1369 жылы болды.

1918 жылдары  «The Испан» деген атпен тараған тұмау пандемиясы пайда болды.Оның қоздырғыш H1N1 вирусы деп аталды. 1920 жылы вирустық тұмау ақпан айынын бастап, сәуір айына дейін созылды. Төрт толқынмен қайталанып отырған вирус 500 миллион адамға жұғып, 17 миллионнан 50 миллионға дейін адам індет есебінен  қайтыс болды. Екінші толқын тамыздың екінші жартысында басталды.

Бостон және Фритаун, Сьерра-Леоне,  жерлерінен бастап, болжам бойынша  американдық әскерлермен немесе француз әскери-теңіз жаттығуларына шақырылған адамдармен бірге келген деген тың деректер бар.1919 жылы қаңтарда Испан тұмауының үшінші толқыны Австралияда басталды. Онда теңіз карантині жойылғаннан кейін 12000 адам қаза тапты. Содан кейін індет лезде Еуропа мен Америка Құрама Штаттары арқылы тез таралды.Үшінші толқынды вирус 1919 жылдың көктем және маусым айларына дейін созылды. 1920 жылдың көктемінде төртінші толқын оқшауланған жерлерде, Нью-Йоркте, Швейцария, Скандинавия және кейбір Оңтүстік Америка аймақтарына таралды. Нью-Йорк қаласында 1919 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың сәуіріне дейін, алғашқы толқынынан екі есе көп болып, 6374 адамды қырып жіберді. Бұл адамзат тарихындағы  ең қауіпті пандемиялардың  бірі болды. 

2009 жылдың көктемінде АҚШ-та  А / Hh1N1 деп аталатын, шошқа тұмауы белгісі байқалды.  Бұл жіті жоғары жұқтыру қаупі бар шошқалардың респираторлық ауруы, оған шошқа тұмауының А вирустарының бір түрі себеп болады. Жұғу салдары шошқа ет өнімдерінің 160˚F/70˚градусқа дейін дұрыс қайнамауынан. Шошқа тұмауына алғаш шалдыққан, 2009 жылдың 23 сәуірінде Мексикадан келген кішкентай сәби расталды. Ал сәби 27-сәуір күні ауруды көтере алмай, Техас қаласында көз жұмды. 2010 жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша, әлемде кем дегенде 554,000 адам вирусқа шалдыққан. Ал АҚШ-та кем дегенде 12 469 адам өлімі вирусқа байланысты бақилық болған. 2016 жылғы дерек бойынша Қазақстанға көршілес мемлекеттерде пайда болған шошқа тұмауы Украина мемлекетінде  83 адам,  Ресейде 27, Арменияда 18 адамның жанын аталмыш вирус жалмағанға ұқсайды.  

 XXI ғасырдың атаулы тарихи кезеңінің ішіне кірген індеттің бірі Covid-19 болды. Барша әлемге тез таралып, дүйім жұртты үй қамаққа қамаған бұл індет 2019 жылдың желтоқсан айының ортасында орталық Қытай мемлекетінің  Ухань қаласынан тарады. Деректер бойынша, жануар мен теңіз өнімдерінен сауда –саттық  базарының  тұрғындары түсініксіз пневмонияға шалдыққанынан анықталды. Ғалымдардың микроскоппен қараған болжамы бойынша вирус карона яғни, (тәжге) ұқсас болғандықтан "коронавирус" деп атады. Естеріңізге сала кетсек, Қытайдан тыс алғашқы жағдай 2020 жылдың 13 қаңтары белгілі болды. 8 қаңтар күні Уханьнан Бангкокқа Тайланд қаласына ұшып келген 61 жасар әйелден анықталған еді. Ал қазіргі таңдағы  коронавирус індетінің  статистикасы әлем бойынша, оның ішінде жұқтырғандардың саны 1 432 686 адамға жеттіп отыр. Қазіргі ахуал бойынша  індетті емдеу барысында, Үндістан мемлекетінде  коронавирустан кейін "қара зең" дерті пайда болды. Ковидты емдеуде қолдынылған препараттардың себебінен болған, мукормикоз дерті мұрын мен таңдайдағы инвазиялық шірік, оның әсерінен ауырсыну, қалтырау белгілері анықталды.

Батис Маликқызы

Пікірлер