Еңбекшіқазақ ауданында 26 екпе кабинеті жұмыс істейді

3081
Adyrna.kz Telegram

Еңбекшіқазақ ауданында коронавирусқа қарсы екпе салатын 26 кабинет жұмысын бастады. Өңірде өз еркімен індетке тосқауыл боламын, вакцина салдырамын дегендер саны артып келеді.

Нәтижесінде, аудан бойынша 7 мыңнан аса адамға екпе салынды. Бұл көрсеткіштің еселеп өсетіні анық. Соңғы кезде елімізде коронавирустық инфекциямен ауырғандар күрт өсті. Әсіресе, Алматыға іргелес жатқан өңірлерде вирус жұқтырғандар көбею үстінде.

Осыған байланысты Еңбекшіқазақ аудандық коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың жиыны өткен еді. Онда медициналық мекемелердің жай-күйі және дәрі-дәрмек қорының жеткілікті дәрежеде болуы жан-жақты айтылды. Сондай-ақ, карантиндік шаралардың сақталуына бақылау жүргізетін мониторингтік топтардың жұмысы да талқыланды.

Жиында аудан әкімі Әлібек Жақанбаев ұйымдастырылған жұмыстармен бірге кейбір ауылдық округ әкімдерінің індетпен күресте тиісті дәрежеде белсенділік танытпай отырғандарын сынға алды. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындары, сауда-саттық нүктелері сияқты халық көп шоғырланатын жерлерде карантин талаптары сақталмай жатқаны атап көрсетті. Сонымен қатар аудан әкімі бас дәрігерге індет жұқтырған науқастардың емделуін қатаң бақылауда ұстау керегін, елді мекендердегі мобильдік медициналық топтардың жұмысын одан ары күшейтуді міндеттеді.

Айта кету керек, жыл басынан бері ауданда коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны мыңға жуықтады. Өткен күндердің бірінде тәулігіне 28 науқас ауруханаға түскен. Індетпен күрес тоқтаусыз жүріп жатыр

Пікірлер