Нұр-Сұлтандық тұрғын жасөспірімді домофон үшін белбеуімен ұрып тастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшада жарияланды.
33 жастағы елорда тұрғыны балалар оны домофонға қайта-қайта шақырғандықтан, өзін-өзі ұстай алмай, осындай әрекетке барғанын айтты.
Осылайша, ер адам пранк жасаушыларды белбеумен соғып жазалады.
"Бұл факт бойынша 33 жастағы қала тұрғыны анықталды. Ол балалардың ерсі әрекетінен кейін өзін-өзі ұстай алмайтынын түсіндіріп, соққылағанын айтты. Оқиғаның барлық қатысушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", деп хабарлады ПД.
Оқиға видеосы qarakz парақшасында жарияланды:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Адырна" ұлттық порталы