Елорда тұрғыны домофонға маза бермеген балаларды белбеумен ұрып тастады

8663
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/izobrazhenie_2021-05-24_170426.png
Нұр-Сұлтандық тұрғын жасөспірімді домофон үшін белбеуімен ұрып тастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшада жарияланды. 33 жастағы елорда тұрғыны балалар оны домофонға қайта-қайта шақырғандықтан, өзін-өзі ұстай алмай, осындай әрекетке барғанын айтты. Осылайша, ер адам пранк жасаушыларды белбеумен соғып жазалады.
"Бұл факт бойынша 33 жастағы қала тұрғыны анықталды. Ол балалардың  ерсі әрекетінен кейін өзін-өзі ұстай алмайтынын түсіндіріп, соққылағанын айтты. Оқиғаның барлық қатысушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", деп хабарлады ПД.
Оқиға видеосы qarakz парақшасында жарияланды:
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KAZAKH_VIDEO 🇰🇿 (@qarakz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Comments
Other materials