Елордада мектеп оқушысы балконда ілініп тұрған баланы құтқарып қалды

3083
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-21-at-22.31.09.jpeg
Елордада 7-сынып оқушысы балконнан құлап бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Астанадағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, тұрғын үйдің 4-қабатының балконында ілініп тұрған баланы құтқарған. Оның бейнесі әлеуметтік желіде тараған. Құтқарушы бала бас қаладағы №31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы. Ол 20 мамырда аулада жүргенінде 4-қабаттың балконында ілулі тұрған баланы байқаған. Ақан бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа көтеріліп, балконда құлай жаздаған 5 жасар баланы құтқарып қалғанын айтты. Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасыдан шыққан.
Пікірлер