Өзбекстанда халық билікке қарсы наразылық өткізді (видео)

3707
Adyrna.kz Telegram

Сырдарияда орналасқан «Indorama Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ондаған жұмысшылары жалақының қысқартылуына және еңбек заңнамасының бұзылуына наразылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Олар наразылықтарын велошеру арқылы жеткізді. Велошеру 20 мамырда Сырдария облысының Сардоба ауданындағы Джиззак-Гулистан тас жолында өтті.

«Индораманың жұмысшылары жалақылары аз болғандықтан жұмыстан шықты. Жалақы - 1,5 миллион сум (шамамен 140 доллар). Ештеңеге жеткіліксіз», - дейді велосипедшілердің бірі.

«Онда біздің не кінәміз бар?» - деп сұраған машина жүргізушілеріне наразылық білдірушілер «Сіз кінәңіз жоқ, біз шенеуніктердің назарын аудару үшін шықтық» деп жауап береді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік бұл іс-шараға түсініктеме беріп, аталмыш мәселеге араласқылары келмейтіндігін айтқан. Себебі бұл - «шетелдік компания мен қызметкерлер арасындағы қатынас».

«Indorama Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы өз жұмысын Сырдария облысының Ақалтын және Сардоба аудандарында бастаған болатын. Ал осы жылдың басында кәсіпорында жаппай қысқарту басталды.

Содан кейін «Indorama Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері басшылықтың Өзбекстанның еңбек заңнамасын бұзып жатқандығына, қыстың қатты аязында және жаздың ыстық күндерінде фермерлер мен дихандардың «құлдар сияқты қанаушылыққа» ұшырағандығына шағымданды.

Видеоны осы сілтемеден көре аласыз:  https://t.me/vodiybozor/102618 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер