ГЭС-тегі жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты

67
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8ilU3P5mhEKXTpU4JBQCWKtLO9mXBxGCcEL9aQF1.webp

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Сикким штатында салынып жатқан су электр станциясында болған жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Одан бөлек, тағы 15 жұмысшы із-түзсіз жоғалды.

БАҚ мәліметінше, Сикким штатында 20 шілдеге қараған түні болған. Жарылыс ұлттық гидроэлектрлік энергетикалық корпорациясына тиесілі нысанда болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, апат кезінде гидронысанның ADIT-3 тоннелінде барлығы 25 жұмысшы, оның ішінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болған. Кейін құтқарушылар тоғыз адамның мәйітін тапқанын мәлімдеді. Қалған 15 жұмысшыны іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқару қызметінің айтуынша, алдын ала болжам бойынша апатқа табиғи газдың жарылуы себеп болуы мүмкін. Алайда жарылыстың нақты себебі тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен арнайы жасақтардың екі батальоны жұмылдырылған.

Пікірлер