Атырауда бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

1638
Adyrna.kz Telegram

10-14 сәуірде "Атырау" спорт кешенінде 2007-2008 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

Төрт күн бойы 250-ге жуық былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады. Карантиндік шектеулерге байланысты спорттық шара көрерменсіз өтті.

Нәтижесінде, Атырау облысының боксшылары 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды.

66 келіде Алпысбаев Жандос алтын жүлде және жарыстың “ең үздік боксшысы” атағына ие болды. 42 келіде Ахмет Дәулеткерей мен 60 келіде Қабдрахим Мансур ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 46 келіде Сергей Нұрасыл, 48 келіде Марат Ануарбек және 52 келіде Джарбулов Артур қола медаль еншіледі.

Біздің басты мақсат – жасөспірімдер спортын дамыту арқылы резерв қалыптастыру. Осыған орай ел чемпионатын Атырау облысында ұйымдастыруды жөн көрдік. Бүгінгі жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларымыз алда талай биіктерді бағындырады деп сенемін, – деді басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.

Айта кетейік, мамыр айында Қазақстан Республикасының жастар ойындары аясында бокс бәсекелері Атырау қаласында өтеді.

Пікірлер