Заң ортақ, талап бір: Біле жүру - біздің міндет

4730
Adyrna.kz Telegram

ХХІ ғасыр білім ғасыры. Бірақ қоғамда өз құқығын қорғау жайлы білмейтін азаматтардың қарасы көп. Бұл жайында «Адырна» ұлттық порталы заң қызметкерлерімен сұхбаттасқан болатын.

Портал тілшісінің әуелгі сұрағы халықтың құқықтық санасы бар ма, қаншалықты деңгейде қалыптасқандығы жайында болды.

Бұл сұраққа арнайы заңгер Сағнадин мырза:

«-Жасырып қайтеміз, көз куә. Елімізде құқықтық мәдениет пен сана қарқынының дамуы төмен деңгейде десек болады. Бұл құбылыс тек қарапайым адамдар арасында ғана емес, белді адамдардың іс-әрекеттерінен де көрініс тауып жатыр.» десе

Заң ғылымдарының кандидаты Нұрбол Жетібаев:

«-Қазақстанда шынайы демократиялық қоғам әлі де өз қарқынында құрылмады. Расында, кез-келген лауазым иесі өз орнында ұзақ мерзім отырады. Халқымыздың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы әзірге мәз емес. Алайда жақсаруы тиіс, жақсартуымыз керек...» дейді.

Заң мамандарының көзқарасы бірде ұқсастық тапса бірде мүлдем өзге. Сондай-ақ, заңгердің арнайы кеңесін алатын адамдар өте көп. Бұл жайында Нұрбол мырза еліміздегі адамдарды орысша және қазақша сөйлейтін азаматтар деп қарастырады. Орыс тілінде сөйлейтін адамдардың көп келетінін, ал, қазақ тілін қолнушылардың төмен белсенділікте екенін айтты.

Сондай –ақ Сағнадин мырзанының берген жауабы. Халықтың өз құқығын кем білетінін аңғартады. Маманның айтуынша халықтың ойы заңды ақша өзгерте алады, кез-келген қиындықтан шығып кетуге ең бірінші көмекші құрал ақша деген түсінік әбден сіңген дейді. Алайда қаражаты жоқ, заңды білмейтін тұлғалар телеарналарға барып, қоғамның қадірін қашырып, өздеріне де зәредей зиян келтіріп отырғанын алға тартады.

Сонымен қатар адамдар арасында заң білмеушіліктен туындаған жағдайлар сот органдарының және прокуратура, әділет басқармаларының дұрыс жұмыс жасамай, талқыға сала алмауында болып тұрғандығын тілге тиек етті.

Мұнан соң құқықтық актілердің қандай жағдайда әрекет ететіндігі жайындағы сауалға Нұрбол мырза:

« Бізде қабылданған құқықтық актілердің сапасы жаман емес. Басты кемшілік сол заңның кейде дұрыс орындалмауында. Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың қызы көлігімен жол ережесін АҚШ полиция бөлімшесі оны жүргізуші куәлігінен айырған. АҚШ президенті қызын арашалап қалу үшін түкте істей алмады. Ал, бізде өкінішке орай, БАҚ беттерінен әкімнің немесе дөкейдің ұлы жол ережесін бұзып, жазасыз қалды дегенді көп оқимыз.» -дейді.

Расымен мұндай жаңалықтарды көргенде жолы болғыш ауқатты адамдардың, қара халықтан айырмасы қандай деген сансыз сұрақтар көкейді тепкілейді.

Қазір еліміздің көп бөлімдері онлайнға көшті. Соның ішінде сот мәжілісі де онлайн форматта. Заңгер Нұрболдың айтуынша, онлайнда мәжіліс өткізудің тиімді жақтары көп. Мәселен, азаматтардың денсаулығын қамтамасыз ету, жалпы қауымға ашық түрде өтуі, заңгерлердің сот процесінің қалай адал өткендігіне баға беруіне мүмкіндік сыйлауы.

Заңгер адам құқығын қорғау бойынша үкімет емес ұйымдар жұмыс атқаруда. Олардың жұмысы қарқында емес. Алайда біршама жұмысты өте жақсы деңгейде атқарып жүргендігін, әрі елдегі демократиялық қоғамымыздың аса қатты дамымағандығын, тұлға құқығын қорғау бойынша үкіметтің құзырындағы емес ұйымдардың айналысып жатқандығынан аңғауға болатынын айтты.

Халқымыздың барлығында құқықтық сана қалыптасса сыбайлас жемқорлық жоғалуға жақындамақ. Қоғамымызда жемқорлық пен тамыр-таныстық әлі де жойылмағанын біліп отырған заңгер, құқықтық сана қалыптасса жемқорлық азайуы мүмкін екенін, бірақ, қылмысты азайта алмайтынына кепілдік жоқ екенін айтады.

Заң ортақ, талап бір. Біле жүру - біздің міндет. 

 

Інжу ӨМІРЗАҚ, 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер