М. Әйтенов тұрғындарды онлайн қабылдады

3033
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қала әкімінің онлайн қабылдауына келушілер сауда орталығын, жаттығу орнын, бірі көп балалы аналар мен балаларға арналған тегін оқу орталығын ашуды ұсынса, енді бірі қала ішінде жер сұрауда.

Мәселен, Қаратау ауданының тұрғыны К.Сариева «Арман» спорт мүгедектерге арналған жаттығу орталығын Шымкент қаласынан ашуға жер телімін сұрайды. Ал, азаматша Г.Манабаева дүкен ашқысы келеді. Қала әкімі аталған тұрғындарға жер телімдерін «Shymkent» ӘКК АҚ арқылы аукционмен жалға алуға болытынын түсіндірді.

Асар шағын ауданының тұрғыны Г.Масабаева «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекеттік грантты жеңіп, көп балалы аналар мен балаларға арналған тегін оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр.

- Құжаттарыңыз комиссия қарауында. Егер, бизнес идея сәйкес емес болып құжаттарыңыз өтпеген жағдайда, бағдарлама аясында сұраныстағы мамандықтарға оқуға болады немесе ЖК, ЖШС ашып жұмыс жасаған жағдайда қоғамдық жұмысшылар жолдауға мүмкіндік бар, - деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, кездесуде тұрғындар заңсыз жер телімдерінің мәселесін шешуді, аулаға балалар алаңшасын орнатып беру, үй беру мәселелерін көтерді. Мұрат Әйтенов шағымдардың әрбірін мұқият тыңдап, тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер