Антына адал, сертіне берік жас маман

2863
Adyrna.kz Telegram

Өрт сөндіруші-құтқарушы – әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі, әрі нағыз ер азаматтарға тән. Бұл мамандық – жүректілік пен батылдықты талап етеді. Әрдайым адамдарды және олардың материалдық құндылықтарын аман алып қалу үшін аянбай еңбек етіп жүрген батыл жандар қандай құрметке де лайық. Осы салада жас болса да өзін жақсы қырынан көрсете білген, белсенді, ең бастысы антына адал жас мамандардың бірі – Бексұлтан Ибадулла.

Бексұлтан Миятұлы – адамдардың өмірі мен олардың материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан араша етуді бала кезінен арман еткен азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Институт қабырғасында ол өзінің белсенділігін танытып, түрлі байқауларға қатысып, институттың намысын қорғады. Өзінің мамандығына деген зор ықаласының арқасында аталған оқу орнын тәмамдап, алғашқы шенін алды.

Бексұлтан Миятұлы 2019 жылы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде басқа да өрт сөндірші-құтқарушылармен бірге көмекке аттанды. Оқиға орнында ең басты міндеті – адамдардың өмірін құтқару үшін қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Анаға да, балаға да, қарт пен жасқа да өз көмегін аямай, басқа да өрт сөндірушілермен бірге қызмет етті. Өзінің антына адал, қызметтік міндетін бұлжытпай орындайтындығын осылайша дәлелдей білді. Осы үшін де Бексұлтан Миятұлы ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер