«Ақ жол»: Шекараның Ресей тарапынан біржақты қатаңдатылуы бизнеске қаржылық залал келтіруде

2914
Adyrna.kz Telegram

28 сәуір 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

ЕАЭО ішіндегі шекаралық бақылаудың Ресей тарапынан біржақты қатаңдатылуы бизнеске тікелей қаржылық залал келтіреді және бірыңғай экономикалық кеңістік қағидаттарына сәйкес келмейді. Бұл туралы Азат Сембинов фракцияның Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерін қорғауға арналған депутаттық сауалында мәлімдеді.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Б.Т. Сұлтановқа 

Қазақстанның транзиттік әлеуеті республиканың экономикалық дамуының маңызды ресурстарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Тұңғыш Президент 2008 жылы теңіз маршруттарымен, ең алдымен жүктерді жеткізу жылдамдығы есебінен бәсекелесуге тиіс Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік жолының құрылысын бастады.

Аталған жобаны іске асыруға Қазақстан шамамен 5,5 млрд көлемінде АҚШ долларын халықаралық қаржыландыру тартты, қазірде оны ел пайыздармен өтеуде.

Алайда, қазірдің өзінде салынған жол және оның қаржылық қайтарымы уәкілетті органдардың баяулауына байланысты тежелуде. Мәселен, шамамен бір жыл бойы қазақ-қытай шекарасындағы «Нұр жолы» халықаралық пунктінде жүздеген автокөлік кезекте тұрып қалуда. «Ақ жол» фракциясы өткен жаздан бастап Үкіметке осы мәселе бойынша бірнеше рет жүгінген болатын, бірақ таяуда ғана Жаркентте орын алған жанжал көрсетіп отырғандай, мәселе әлі шешілген жоқ.

Сондай-ақ, құрылған Еуразиялық экономикалық одаққа қарамастан, Ресеймен шекарада мезгіл-мезгілімен кептелістер пайда болады.

«Ақ жол» партиясына кәсіпкерлер бірнеше күн бойы қазақ-ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде үш жүзден астам автофуралардың кептелісте тұрып қалғаны туралы шағыммен жүгінді.

Өткізу пункттеріндегі кептелістердің себебі - Ресей тарапынан өткізуді біржақты қатайту және Ресей шекарашыларының автомобиль корпусындағы технологиялық өткелдерді жабдықтау талабы. Алайда, мұндай талаптар ЕАЭО стандарттарында және регламенттерінде жүк тасымалдарына қатысты көзделмеген.

«Ақ жол» фракциясының депутаттары ЕАЭО туралы шарттың 1-бабына сәйкес экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың, қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысы қамтамасыз етілетінін еске салу қажет деп санайды.

ЕАЭО ішіндегі шекаралық бақылауды қатаңдату тауарлардың еркін қозғалысына кедергі келтіреді, бизнеске тікелей қаржылық залал келтіреді және бірыңғай экономикалық кеңістік қағидаттарына сәйкес келмейді.

Өтініш білдірген кәсіпкерлер Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайда отандық шенеуніктердің әрекетсіздігіне түсінбеушілік пен наразылық білдіреді.

«Ақ жол» фракциясы осы бағалауды қолдайды, біздің кәсіпкерлерімізді шұғыл қорғауды, ресейлік серіктестермен проблеманы пысықтауды және тауарлардың еркін қозғалысы мен ЕАЭО шарттарын сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз етуді талап етеді.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары

Пікірлер