Стильдерін өзгерткен Жолдыбаевалар жұртты шулатты

3235
Adyrna.kz Telegram

Instagram желісінде образдарын өзгерткен видеосын жариялаған Камшат және Алтынай Жолдыбаеваларды жұрт танымай қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әдетте ашық киім киіп халықтың сынына жиі ұшырайтын әпкелі-сіңілілер бұл жолғы стильдерін мұлде басқа арнаға бұрған.

Бірі қара әрі қысқа шашты болып кетсе, екіншісі шашын сарғыш түске бояп тастаған көрінеді. Алайда, көпшілік Кәмшат Жолдыбаеваның шашын кесіп тастағанына сенгісі келмеді. Олардың сөзінше, өнер иесі бар болғаны парик киіп алған.

"Сіздерді танымай қалдым. Көктем келіп, сіздер де өзгеруді шештіңіздер ме?", "Керемет, сіздерді мұндай кейіпте көрген де, көрмеген де бар", "Өте жарасып тұр. Жарайсыздар", "Шынымен, танымай қалдым. Кәмшат шашын қиып тастаған ба не?", "Сіздер не кисеңіздер де жараса кетеді", "Керемет стиль. Осы бағыттарыңыздан таймаңыздар. Ашық образдарға қарағанда осылай жүрген жарасымдырақ", "Халық сынайтын нірсе таба алмай қалды деген осы", - деп жазуда желідегілер.

Пікірлер