Әнші Мәдина Сәдуақасова орамал тағып тұрған фотосын жариялап, оқырмандарын шулатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әнші суретті өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
“Таныдыңыздар ма ? Біз Катар еліндеміз!
Бұл елде осылай киінбесем басқа амал жоқ.
Қалай ойлайсыз неге?” деп жазды ол.
Солайша оқырмандарының арасында сұрақ-жауап ұйымдастырып Катарда күннің қатты ыстық екенін, бұл елде хиджаб киіп жүрмесе болмайтынын әрі суға түсетін ашық киім кию ыңғайсыздау екенін айтты ол.
Ұқсас жаңалықтар
"Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр". Әнші айтқан сөзі үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
