Миы шайқалған: Баланың үстіне үлкен мүсін құлап, жарақат алған

2393
Adyrna.kz Telegram
Алматы қаласының ойын-сауық орталықтарының бірінде кішкентай баланың үстіне дұрыс орнатылмаған үлкен мүсін құлады. Баланың миы шайқалып, жарақат алған. Жүкті анасы да шок алған. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Бақытжан Базарбек есімді азамат жазба жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Желі қолданушысы мүсіннің тек скотчпен ғана орнатылғанын айтты.

"Бүгін Алматыдағы "Мега" ойын-сауық орталығында досымның ұлының үстіне үлкен ойыншық мүсіні құлап кетті. Үлкен мүсін бар болғаны скотчқа жабыстырылған. Баланың миы шайқалып, жарақат алды. Сонымен қатар жүктілігіне тоғыз ай болған баланың анасы шок алып қалды. Біз сотқа жүгінетін боламыз", - деп жазды ол.

Ойын-сауық орталығының баспасөз қызметі әлі бұл оқиғаға байланысты түсінік бермеді.

Пікірлер