Алексей Цой Біртановты қайтадан министрлікке жұмысқа алатыны рас па?

4586
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой экс-министр Елжан Біртановты министрлікке қайтадан жұмысқа ала ма? Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

Сот шешімі бойынша, негізі экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілген. Тікелей эфир кезінде, Алексей Цойға Біртановты жұмысқа алу туралы сұрақ қойылған болатын.

"Экс-министрге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сіз Біртановты денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа аласыз ба?" - деп сұрады министрден журналистер.

"Қазіргі уақытта біз де Біртановқа қатысты жұмыс істеуіне болады деген ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді", - деп жауап берді Алексей Цой.

Пікірлер