Қоғам белсендісі: Қытайдың түпкі мақсаты - Қазақстанды отар ел ету

3605
Adyrna.kz Telegram

Журналист, ардагер дәрігер Нұрлыбай Қошаманұлы Қазақстанға кіріп жатқан Қытай экспансиясына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Бұл ойын қоғам белсендісі facebook желісіндегі парақшасында жазба арқылы жеткізді.

Оның пікірінше, Орта Азия мемлекеттеріне әсіресе Қазақстанға толықтай қытайлану қаупі төніп тұр. Осыны білетін ел үкіметі саналы түрде өз халқын ҚЫТАЙЛАНДЫРУҒА мүмкіндік беруде. Бұны ұтымды пайдаланған қытай үкіметі инвестиция және технология деген желеумен елімізді экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кіріскен.

«The Financial Times редакциясының журналистік зерттеуіне орай, Департамент 2014 жылдан бері әлемдегі Қытайдың мүддесін қорғайтын азаматтардың барлығын біріктіру процесін жүзеге асырып жатыр. Бұл – Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзинпиньнің (Xi Jinping) арнайы тапсырмасы.

Демографиялық экспансия қалай жүреді?

Шығыс Оңтүстік Азия елдері қытайланып жатыр. Қытайдың теңіз жағалауындағы құжынаған халқы нәпақаларын табу үшін көрші елдерге біртіндеп ағылған болатын. Олар қоғамдық ұйымдары арқылы бірікті және ұтымды түрде орналаса бастады. Осылайша экономикасы мықты топ болып қалыптасып, біртіндеп көбейіп, мемлекеттің саясатына араласты. Мәселен, Тайландта (премьер министрі қытай), Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде, Вьетнамда халық санының 20-40%-ы. Ал Малайзияда, Сингапурда өлке халқының 80%-нан астамы қытай болды. Малай билігі бұл үрдісті тоқтату үшін Сингапурды күштеп, ел құрамынан шығарып жіберді. Қазір Малайзия, Пәкістан қатарлы елдер осы себепті Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» бағдарламасынан бас тартып жатыр», - деп жазды ол.

Сондай-ақ қоғам белсендісі мұндай қауіптің Қазақстанды да айналып өтпейтінін ескертті.

«Келесі кезекте Орта Азия мемлекеттерін қытайландыру тұр. Соның ішінде Қазақстанға бағытталған экономикалық экспансиялық жоспар ерекше. Қытай өндірісін абсолютті ету. ҚХР-ның Қазақстанға деген ықпалы экономикалық мүдделердің ілгерілеуімен байланысты. Қытайдың түп көздегені өзінің экономикалық жобалары арқылы Қазақстанды серіктес ел ретінде «жұмсақ ұмтылу» жолымен отарлау. Бұл туралы олар өздерінің ішкі ақпарат құралдарында ашық жазуда...

Осының барлығын қазақтың қазіргі сатқын билігі: «ШОС бірлестігіне кіруіміз, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге бірлесіп күресу жолындағы еліміздің сыртқы саясатының ірі жетістігі, өзара түсіністік, ынтымақтастық «Бір жол – бір белдеу» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан көп жақты саясатының жемісі», - деген үлкен сөздермен бүркемелеуде», - деп атап өткен ол Қазақ билігінің бейбіт түрде ҚЫТАЙЛАНДЫРУҒА жол ашып беріп отырғанына алаңдаушылық білдірген.

«Біз де таяу болашақта Шығыс Оңтүстік Азия елдерінің кебін киеміз. ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!», - дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер