COVID-19: Бір күнде 29 адам бақилық болды

2874
Adyrna.kz Telegram

Өткен тәулікте 27 науқас коронавирустық инфекция салдарынан, тағы бір пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

16 сәуірдегі жағдай бойынша 36 868 адам коронавирус инфекциясынан емдеуді жалғастыруда. 36 393 адамда COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже, ал 475 пациентте теріс нәтиже көрсетті. 12 941 адам стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.

Сондай-ақ 616 науқас ауыр жағдайда болса, 168 адам өте ауыр дәрежеде жатыр және 118 пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 2 656 адамнан коронавирус инфекциясы, 71 адамнан пневмония анықталды.

 

Пікірлер