Мемлекет басшысы кадрлық ауыс-түйіс жасады

3018
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер саласында бірқатар ауыс-түйіс жасады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Рәпіл Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сондай-ақ Марғұлан Баймұхан енді Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін атқарады.

Ал Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Жаңа тағайындауларға байланысты бұған дейін Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған Қайрат Нұрпейісов қызметінен босатылды.

Ерлан Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Ол мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер