Замануи зауыт қолдаусыз емес

5193
Adyrna.kz Telegram

Мықты экономиканың негізі - жоғары үстеме құны бар әртараптандырылған өнім өндірісі. Мұндай өндірушілерге облыстағы кәсіпорындардың бірі – «Бағашар Мекен» ЖШС жатады.

Компания нарықта 2009 жылдан бері жұмыс істейді және еуропалық стандарттарға сәйкес өнім шығарады. Кәсіпорында автокөліктерге арналған этиленгликоль негізіндегі антифриз, тосол, салқындатқыш шығарылады және алғашқы отандық өндіруші болып саналады. Серіктестікте тәулігіне 200 тоннаға дейін, маусымдық кезеңде 3 000 тоннаға дейін өнім өндіріледі.

Өндірісте 120 адам жұмыс істейді. Өнімдері нарыққа NORD, ALFA, Z-COOL маркалы антифриз, «Теплый дом» жылу тасымалдағышы, «Север-40» тосолы брендтерімен ұсынылады.

Шетелдік брендтер тарапынан бәсекелестікке қарамастан аталған компания өнімдері жоғары сапалы сипаттамаларының арқасында автохимиялық өнімдердің бөлшек сауда нарығында өз орнын тапты. Қазіргі таңда кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, өсіп келеді. Десе де несие алып айналым капиталын толықтыру қажет.

- Бізге жеңілдікті шарттармен несие алуға мемлекеттік қолдау көмектеседі. Осылайша, субсидиялаудың арқасында «Альфабанк» ЕБ АҚ-да алынған кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін «Даму» қоры 14 пайыздан 6 пайызға дейін төмендетті. Қордың несие сомасының 39 пайыз мөлшеріндегі кепілдігінің арқасында біз қажетті көлемде несиеге қол жеткіздік», – дейді компания директоры Игорь Поезжалов.

Аталған серіктестік «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болды.

Пікірлер