Екі бүйрегі де істен шыққан әйел дені сау сәбиді өмірге алып келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Астана телеарнасына" сілтеме жасап.
Таланды Беркімбайдың өмірі 2 жылдан бері гемодиализге байланған. 2019 жылы сәтсіз жүктіліктен кейін оның екі бүйрегі де істен шықты. Бірақ ана болуға деген құлшыныс өміріне төнген қауіптен күшті болды.
Таланды 3 наурызда жүктіліктің 7 айында ұл туды. Бала өте кішкентай болды, салмағы бір келіге де жетпеді. Нәресте бір ай дәрігерлердің бақылауында болды. Қазір ол қажетті салмақты жинап, үйіне шықты.
"Олар болмайды деді, бірақ мен баланы қалағандықтан үзілді-кесілді бас тарттым. Басында қорқынышты болды. Содан кейін оны өзімде сезіне бастағанда, маған бәрібір болды. Бұл көптен күткен бала, бұл қалаумен туған бала", - деді Таланды Беркімбай.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диагнозы бар әйелдерге бала көтеруге болмайды. Бұл жағдайда сау бала туудың мүмкіндігі мың адамның біріне бұйырады. Сондықтан пациентінің жағдайын білген дәрігерлер қарсы болды.
"Консилиум жиналды, әрине, қолдағандар да, қарсы шыққандар да болды. Бірақ олар бір пікірге келіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бала да өзін керемет сезінеді. Салмақ жинап жатыр, бір жарым килограмм болды. Бәріміз өте қуаныштымыз", - деді нефролог Муминат Степаненко.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 10 жылдан астам уақыттан бері мұндай жағдай тіркелмеген.