Ақтөбе облысында жеңіл көлік жолдағы металл қоршауға соғылып, жүргізуші ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол-көлік оқиғасы Самара – Шымкент тас жолында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 39 жастағы Ақтөбе тұрғыны Қобда ауылынан облыс орталығына қарай келе жатқан. Алайда жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі қоршауға соғылған.
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard маркалы көлік жоғары жылдамдықпен металл қоршауға соғылып, қоршау көліктің жүргізуші жағынан салонды тесіп өткен. Әлеуметтік желіде тараған суреттерде темір қоршаудың көлікті қақ жарып өткенін көруге болады.
Апат кезінде көлікте жүргізушінің өзі ғана болған. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
