Маршалл жоспары іске асты ма?

8223
Adyrna.kz Telegram

Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германияны СССР, Америка, Англия және Франция төртке бөліп алады. Кейіннен СССР-дің территориясында ГДР, қалған үш ел өз территорияларын қосып ФРГ деген ел жасап алады.

Американың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл 1947-де соғыстан қажыған Батыс Еуропаны қалпына келтіру үшін өз бағдарламасы мен баяндамасын айтады. Батыс Еуропадағы 17 ел көмекті қабылдауға дайын болады. Шығыс Еуропа СССР-дің қарамағында болып бағдарламаға қатыса алмай қалды.

Әр елдің экономикасын зерттеп кімге қандай көмек керек екендіктерін анықтайды. Соған сәйкес Америка 13 миллиард доллар ақша бөледі. Англияға 2.8 миллиард доллар, Францияға 2.5 миллиар доллар, Германия мен Италияға 1.3 миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Көмектің бір шарты елдеріндегі коммунистік партияларды үкіметтен шығарулары керек болатын. 1948-де Батыс еуропада бірде-бір елде коммунистік партия болмады. Маршалл жоспары арқылы тек Батыс Еуропа емес, Жапония мен Шығыс Азияның біраз елдері де көмек алды.

Маршалл планы әлемдегі ең тиімді жүргізілген экономикалық бағдарламалардың бірі болды. Нәтижесінде Еуропа экономикасы уақытынан бұрын қалпына келді. Ішкі қарыздарынан құтыла алды. Коммунисттер елден біржола жоқ болды. Еуропада орта тап қалыптасты.

Сабит РЫСБАЕВ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер