«Көмек болмады»: Ақмолаға көктем батпақпен келді

3385
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы, Талапкер селосының тұрғындары көшелердегі саз балшықтың кесірінен баратын жерлеріне бара алмай отыр. Еріген қар суы балшыққа айналған, кейбір жерлерінде әлі де қар жатыр. Тұрғындар қалған қар ерісе үйден шыға алмай қаламыз ба деп уайымдауда.

Село тұрғындарының айтуынша үйге кіріп, шығудың өзі қиын болып кеткен. Жолды жоқ деп айтуға болады. Бұл жерде жаяу жүргінші түгілі машина жүре алмайды. Үйге су әкеле алмай отыр. Таңертең жұмысқа баратын адамдарға тіптен қиын.

«Бұл көшелер қыстай тазаланбаған. Арасында өзіміз әкеліп тазалаттық. Үкіметтен көмек болмады», - дейді село тұрғыны.

Олар әкімдіктен шара қабылдауын сұрайды.

«Көл көсір судың астында қалдық. Есіктің алдын су алып кетті. Үйден шығу мүмкін емес. Балаларымыз қалай сабаққа барады? Жұмысқа қалай барамыз? Сырттан су таситын едік, оны қалай әкелеміз? Жағдайымыз қиын», - дейді тұрғын.

Пікірлер