ЕЛДЕС ОРДА: Бізге Кенесары Ханның бас сүйегіне қуанып отыра берудің керегі жоқ

7827
Adyrna.kz Telegram
Ресей Қорғаныс Министрлігі Орталық Әскери Окургінің баспасөз қызметі Сәуірдің екінші күні ірі көлемді әскери жаттығулардың алдағы уақытта одан ары жалғаса беретінін айтқанын білесіздер.
Орталық Әскери Окург қолбасшысы генерал-полковник Александар Лапин, Орталық Азия аймағындағы 2-ші және 41-ші біріккен жойқын қарулы күштердің қатысуымен де ірі көлемді әскери жаттығулар өткізетінін хабарлаған еді.
Қазақ, Қырғыз және Тәжік территориясындағы әскери нысандарды да қамтитын Орталық Әскери Окургтің алдағы ірі көлемді әскери жаттығуы Орталық Азияға көзалартып отырған төңіректегі аймақтық күштер мен державалардың назарын аударатыны анық.
Осындай тұста бізге сүйегі әлде-қашан шіріп кеткен КЕНЕСАРЫ ХАН үшін қуанып отыра берудің пайдасы қанша? Сәуір бойы осы "қуаныштың" буымен мәз-майрам бейғам отырғанда Ресейдің біздегі әскери нысандары келелі стратегиялық іс-қимылын жүзеге асырып жібермеуіне кім кепіл? Стратегиялық нысандар іске асқан соң мың Кенесары келсе де пайдасы жоқ. Бізге Кенесары Ханның бас сүйегіне құрдан-құр қуанып отыра берудің керегі жоқ, бізге КЕНЕСАРЫЛЫҚ СОҒЫС ТАКТИКАСЫН ЖАҢҒЫРТУ көбірек маңызды.
Былайша айтқанда біздің ұлтқа тән шектен тыс бейғамдық пен масайрау өзге жұрттың пайдасына шешіліп жүрмесе игі еді. Хан Кененің оралуына да қуана отырайық бірақ бейғам болмайық! Әскери тактикамыз бен қорғаныс сақтығымызды да ескере отырайық.
Елдес ОРДА
Пікірлер