Қарабақ дауы. Армения аймақтың Әзірбайжанға тиесілі екендігін мойындауға дайын

3540
Adyrna.kz Telegram

Армения тарапы сан жылдан бері қос ел үшін "бітеу жараға" айналған Таулы Қарабақтың Әзірбайжанға тиесілі екендігін мойындауға дайын екендігін жеткізді. Дегенмен өздерінің қоятын талабын да қатар атап өтті. Талап бойынша, аймақта қалған армяндардың қауіпсіздігіне кепілдік берілуі тиіс. Бұл жайлы "Адырна" халықаралық агенттіктерге сілтеме жасап хабарлады. 

Армения аймақта қалған армян халқының қауіпсіздігі сақталған жағдайда Таулы Қарабақтың Әзірбайжанға тиесілі екенін мойындамақ. Бұл туралы Армения премьер-Министрі Никол Пашин мәлімдеді.

"Армения 86,6 мың шаршы шақырым жердің Әзербайжанға тиесілі екендігін мойындайды. Себебі, Әзербайжан 29,8 мың шаршы шақырымды Арменияға қарасты деп қабылдауға дайын. Әзірбайжанның 86,6 мың шаршы шақырымына Таулы Қарабақ та кіреді, бірақ Таулы Қарабақтағы армяндарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесін Баку-Степанакерт келісімі негізінде талқылау керек", — деді Пашинян.

Никол Пашинян, сонымен қатар, Таулы Қарабақта қалған армяндарының қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуына халықаралық ұйымдар кепіл болуы тиіс деп қадап айтты. Кепілдік болмаған жағдайда, Әзірбайжан Қарабақ аймағында "этникалық тазарту жұмыстарын" жүргізуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер