Цифрлы сот жүйесі

2769
Adyrna.kz Telegram

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»  Коституцитуциялық заң күшіне ие жарлық қабылдады. Бес жыл қолданыста болып,  еліміздің сот жүйесінің аяғына  тұруында маңызды рөл атқарды. Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның жобасын әзірлеп, 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заң қабылданды. 

Қабылданған заңның негізгі мақсаты – елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту. Заң қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу конституциялық принципін мейлінше толық және дәйекті жүзеге асырыуға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара әрекетін күшейтуге бағытталған.

ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары – сот алқалары, жеке дара судьялар жүзеге асыратын болады. Соттардың пленарлық мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.

ҚР сот жүйесі Конституцияға және конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің біртұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:

  • Конституцияда;
  • «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда;
  • Процессуалдық және өзге де заңдарда барлық соттар мен судьялар үшін ортақ, әділ сот принциптері белгіленген.

Сот билігі заңдарда бекітілген барлық соттар үшін біртұтас мот өндірісі нысандарында іске асырыларды. Барлық соттар Конституцияның 4-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын қоланады.

Конституция және «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы туралы» Конституциялық заң барлық судьялар үшін біртұтас судья мәртебесін бекітті. Заңды кұшіне енген сот кесімдері (шешімдер, үкімдер, т.б.) республиканың бүкіл аумағында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер және басқалары үшін оырндауға міндетті.

Барлық соттар тек қана республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Оның екі себебі бар:

  • Сот жүйесінің біртұтастығын нығайтады;
  • Сот билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығарады.

Осылайша, еліміздің сот жүйесі қалыптасып,  өз елі мен азаматтарына 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда, ғылым мен техниканың дамыған заманында Қазақстан Республикасының  сот жүйесін цифрландыру мақсатында жұмымтар атқарылып жатыр. Елбасы жаңа өзгерістерді қолдап қана қоймай, оның маңыздылығын баса көрсеткен болатын.

Сот жүйесін цифрландыру – сот жүйесінің қызметін кеңейтіп, әділ сот жүйесін нығайтуға өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен қатар, кез-келген заңсыздықты уақытылы алдын алып, дер кезінде төтеп бере алатын жағдайға да жеткізетіні анық. Сот жүйесі толық цифрландыруға өткен жағдайда сот жүйесіндегі оқылықтар мен кемшіліктердің шешімі табылып, азаматтардың да сот билігіне деген сенімінің артып, одан әрі нығаяры сөзсіз. Ал тәуелсіз мемлекет үшін өз Конституциясы мен ондағы сот жүйесінің қызметі және оның мақсат-міндетінің нақты әрі озық болуы міндетті.

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер