ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылдың 20 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Коституцитуциялық заң күшіне ие жарлық қабылдады. Бес жыл қолданыста болып, еліміздің сот жүйесінің аяғына тұруында маңызды рөл атқарды. Елбасы тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның жобасын әзірлеп, 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заң қабылданды.
Қабылданған заңның негізгі мақсаты – елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту. Заң қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу конституциялық принципін мейлінше толық және дәйекті жүзеге асырыуға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара әрекетін күшейтуге бағытталған.
ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары – сот алқалары, жеке дара судьялар жүзеге асыратын болады. Соттардың пленарлық мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.ҚР сот жүйесі Конституцияға және конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің біртұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:
- Конституцияда;
- «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда;
- Процессуалдық және өзге де заңдарда барлық соттар мен судьялар үшін ортақ, әділ сот принциптері белгіленген.
- Сот жүйесінің біртұтастығын нығайтады;
- Сот билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығарады.
Лаура ТҰРСЫНЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы