Өзбекстанда жүз шақты ер азамат ереуіл жасап, ЛГБТ өкілдерін соққыға жықты

6790
Adyrna.kz Telegram

28-наурыз күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы Әмір Темір даңғылының бойында 3-4 азамат көшеде кетіп бара жатқан қыз бен жігітті ЛГБТ өкілдері деп ойлап, оларға шабуыл жасаған. Бұл туралы роликтер интернет желісінде тез тарап кетті.  

"Өзбекстан жаңғырығы" Telegram каналы бір топ ер азаматтың жол жиегінде ұрандатып бара жатқанын көрсеткен.  Бейнеролик авторлары азаматтар 26-наурызда Ташкентте бір топ жастың аниме жанкүйерлері ретінде бас қосуына қарсылық білдіріп, көшеге шыққан деп атады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша митингке 70 шақты азамат қатысқан.

Құқық қорғау органдары тәртіп бұзған 12 азаматты ұстаған. Оларға "бұзақылық" бабы бойынша айып тағылған. Жергілікті полиция өкілдері қыз бен жігітті 3-4 азамат соққыға жықпақ болғанын, олардың бұл әрекетін қолдап, 20-25 жігіттің тәртіпсіздікке қосылғанын айтты.  Барлық қорғау шараларына қарамастан сол күні кешке аниме кешін ұйымдастырмақ болған танымал блогер Миразиз Базаров соққыға жығылды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер