Шымкентте FlyArystan әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында итті қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.
«FlyArystan әуе компаниясы 2026 жылғы 15 сәуірде Алматы – Шымкент бағыты бойынша қатынайтын FS7105 рейсі қонғаннан кейін, Шымкент қаласы әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемесінің жануармен (итпен) соқтығысқанын растайды», - деп мәлімдеді әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Мәліметтерге сәйкес, соқтығысу салдарынан ұшақтың кейбір бөлшектері зақымдалған. Ауыстыруды қажет ететін қосалқы бөлшектер Алматыдан жеткізілмек.
Ұқсас жаңалықтар
