Рудный тұрғындарына тағам таратылды

2301
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының Рудный қаласында «Баурсак party» акциясы өтті. Жалпы республика бойынша қолға алынған бастаманың мақсаты – тұрғындарға ұлттық тағамдарды тарату.
Қайырымдылық акциясы Рудный қаласының бірнеше шағын ауданында ұйымдастырылды. Қалалық мешіт пен «Раумен» компаниясы мұрындық болған акцияға жүздеген қала тұрғыны қатысты.

«Рудный қаласының тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдар мен тәттілер ұсынылды. Қазір жаппай қоғамдық іс-шараларға тыйым салынғаны белгілі. Сол себепті акция 4 жерде өткізілді. Қала әкімдігі мен мәдениет бөлімінің қызметкерлері арнайы орындар бөліп, концерттік бағдарламалар да ұйымдастырды. Осылайша, жыл сайынғы дәстүрмен ұлыстың ұлы күнін атап өттік», - дейді қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев.

Күн аяғына таман «Жадыра» халық аспаптар ансамблі мен «Алые паруса» халық шығармашылығы орталығы ән байқауы мен би кешін өткізді.

Пікірлер