Орыс тілінде сөйлеген украиналық депутат партия қатарынан шығарылды

5805
Adyrna.kz Telegram

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін партия қатарынан шығарылды, деп хабарлады «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы «Еуропалық ынтымақтастық» партиясының баспасөз қызметі жазды. Партия депутаттың ескертулерді елемегенін айтты.

Дорошенконың өзі Facebook-тегі парақшасында орын тілін қатты қобылжығанның салдарынан қолданғанын жеткізді.

«Қобалжыдым, сондықтан орыс тілінде сөйледім. Украин тілінде өз ойымды жеткізе алмадым. Қоғамнан, сондай-ақ «Еуропалық ынтымақтастық» партиясындағы әріптестерімнен кешірім сұраймын. Әріптестерімнің ескертулеріне менің реакциям басқаша болуы керек еді", - деп жазды ол.

Айта кетейік, депутат болашақта көпшілік алдында тек украин тілінде сөйлеуге уәде берді. Десе де, ол "Харьков тұрғындарының көпшілігі" сияқты орыс тілді екенін мойындады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер