Перзентханада қайтыс болған әйелдің туыстары ҚазТАГ редакциясына хабар берген. Олардың сөзінше қайғылы жағдай орын алардан бұрын ол өзінің туыстарына медициналық мекеме қызметкерлерінің пара дәметіп, дөрекілік танытқаны туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл жерде жемқорлық бар. Олар ашық түрде пара сұрайды, қызметкерлер дөрекі сөйлейді. Ашығын әлі ешкім айтқан жоқ », - деп жазды әйел қайтыс боларының алдында.
Сонымен қатар әйел перзентхана қызметкерлерінің дөрекілігіне шағымданды.
Босанған әйел қайтыс болғаннан кейін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дәрігерлер қолдан келгенін жасағанын, алайда әйелді аман сақтап қала алмағанын айтты.
«Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл ауруханада соңғы 15 жылда бірінші рет орын алған жағдай. Комиссия құрылды, тергеу жүріп жатыр. Нәтижелер мен қорытындылар комиссияның құзыретінде », - делінген ресми хабарламада.
Бүгін N5 перзентханада полиция тергеу жұмыстарын бастағаны белгілі болды.
Сот сараптамасының мерзімін тым ұзақ деп санайды ол. Әйелі ауруханаға 23-ақпанда түскенімен, босану белгілері 28-ақпанда ғана пайда бола бастаған.
«Дәрігерлер баланың үлкендігіне және толғақ болжамды мерзімнен кеш басталғанына қарамастан, кесар тілігі арқылы босандырмады, жұмыстарына салғырт қарады» дейді марқұмның туыстары. Осының барлығы әйелдің көз жұмуына әкеп соқты деп налуда.
Сонымен қатар, қайтыс болған әйелдің туыстары дәрігерлер бізге өтірік айтты деп айып тағуда. Марқұм қайтыс болып кетсе де, оны комада жатыр деп хабарлағанын айтты.
Дина ЛИТПИН,
«Адырна» ұлттық порталы