Енді мұғалімді жұмысқа директор қабылдамайды

10412
Adyrna.kz Telegram

Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жазбасына сілтеме жасап.

«Ол құжатта, менің ойымша, сала мамандары үшін аса маңызды болып табылатын екі ерекше норма бар.

Соларға тоқталып өтейін. Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі. Яғни мұғалімді жұмысқа қабылдауға қатысты шешім тек директорларға тәуелді болмайды.

Қазіргі таңда педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша қолданыстағы жүйе ашықтық қағидаттарына толығымен сай деп айтуға келмейді, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілуі мүмкін.

Мәселен, кейбір өңірлерде бір пән бойынша бір ставканы төрт мұғалімге бөліп береді. Бұл өз кезегінде білім беру сапасына кері әсер етеді.

Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу үшін педагогтерді жұмысқа конкурс арқылы іріктеп, барлығына түсінікті әрі ортақ ереже бойынша қабылдау көзделді.

Ережеде конкурстық іріктеудің нақты қағидалары бекітіледі. Бұл жұмыс цифрлық технологиялардың көмегімен автоматтандырылады.

Сәйкесінше педагогті жұмысқа қабылдау туралы шешімді бір ғана адам емес, көпшілік қабылдайтын болады. Педагогтердің кәсібилігіне және барлық талапқа сай болуына ден қойылады» деп жазды министр өз парақшасында.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер