Өзбекстанда мұғалімдерге жөндеу жұмысын жасатқан мектеп директоры жұмыстан босатылды

1078
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fOEaY1LjcJdFxLjs1l72h8r6j4RIEllALWZnYHWb.jpg

Өзбекстанның Әндіжан облысы, Мархамат ауданындағы №42 мектеп директоры мұғалімдерді сыныптарды жөндеу мен тазалау жұмыстарына қатыстырғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғана сайтына сілтеме жасап.

2 тамызда әлеуметтік желілерде мұғалімдердің мектепте жөндеу және тазалық жұмыстарын жасап жатқан сәті бейнеленген видео тараған. Ресми мәлімет бойынша, бұл күні мектепте сенбілік ұйымдастырылған. Мұғалімдердің айтуынша, олар шараға ерікті түрде қатысқан. Алайда білім басқармасы педагогтарды өз міндетіне кірмейтін жұмысқа тарту заңсыз деп танып, директорға шара қолданды.

Сонымен қатар, Өзбекстанның еңбек министрлігі де бұл жағдайды тексеріп, мұғалімдерге қысым көрсетілгенін анықтаған. Соның нәтижесінде директорға 100 айлық есептік көрсеткіш ( $3200-ден астам) көлемінде айыппұл салынды.

Басқарма мәліметінше, №42 мектеп 1982 жылы салынған. 2005 жылы күрделі жөндеуден өткен. Соңғы жылдары мектепке бюджет есебінен 2022 жылы 1,2 млрд сум (шамамен $94 мың) және 2023 жылы 1,3 млрд сум ($102 мың) көлемінде қаржы бөлінген. 

Пікірлер