Қазақ жерін 10 жылдан астам уақыт зерттеп, ауа райы өзгерістерінің хронологиясын құрастырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Жасаған қорытынды көңіл көншітпейді. Еуразия құрлығының дәл ортасындағы даланы шөл басу қаупі бар екенін айтады.
65 миллион жыл бұрын Ұлы Даланы Паратетис деп аталатын алып теңіз басып жатты. Ол Алтай тауынан Жерорта теңізіне дейін жайылды. Бүгінгі күнде одан Каспий мен Арал қалды. Тау жыныстарында да теңіз іздері қалған. Соған қарап ғаламдық жылынудың аймақтағы ауа райына қалай әсер ететінін болжауға болады. Заманауи технологиялардың мүмкіндіктері таң қалдырады.
Тасқа айналған қабыршақты зерттеп, ежелгі теңізде судың температурасы қандай болғанын анықтай аламыз. Ал тозаңы қандай жануар мен балық мекендегенін және қандай дақыл өскенін көрсетеді.
Қызық мағлұматтың негізінде ғылыми жаңалық жасалды. Потсдам, Амстердам және Ренн университеттерінің ғалымдары 34 миллион жыл бұрын ежелгі теңіз құрғап қалып, орнында шөл пайда болғанын анықтады.
Гийом Дюпон-Ниве, геология профессоры
Ылғалдың азаюынан жануарлар мен өсімдіктер құрып кетті. Қазір де ауа райы өзгеріп келеді. Яғни жылып жатыр. Бұл да ылғалға әсер етеді. Мұздықтар еріп, жауын-шашын азаяды.
15 миллион жыл өткеннен кейін, жансыз жер тіріле бастады. Ғалымдар бұл құбылыс қайталануы мүмкін дейді. Бірақ қазір адамзаттың әрекетіне байланысты ауа райының өзгеруі үдей түседі.
Гийом Дюпон-Ниве, геология профессоры
Экологиялық жүйеміздің жағдайы ауыр. Өткізіп жатқан зерттеуім ауадағы көмір қышқыл газының үлесі қазіргідей арта берсе жүз-екі жүз жылдан кейін не болатынын көрсеттеді. Орталық Азия мен Қытайда толығымен шөлге айналған жерлер бар. Су қоры да азайып барады. Табиғатты ұмытпауымыз керек, өйткені бұл өңірге шөлге айналу қауіпі төніп тұр.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлемдегі ең ыстық әрі шөлді аймақтың біріне айналуы мүмкін. Бұл үрдісті тежеу үшін экономика мен жерді көгалдандыру қажет.