NASA-ның "Perseverance" аппараты Марс планетасында тіршілік болғанын анықтамақ

2764
Adyrna.kz Telegram
Бүгін 18 ақпан күні NASA-ның "Perseverance" атты аппараты Марс планетасына қонады. Егер бәрі сәтті өтсе аппарат алдағы уақытта Марс планетасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен роль атқармақ.
Ең қызығы ғалымдар аппаратқа Марстағы көмірқышқыл газдан адам демалуына қажетті оттегі өндіретін арнайы қондырғы орнатқан.
Егер тест сәтті өтсе демек Марс планетасында бар көмірқышқыл газды оттегіге айналдыруға болады деген сөз.
"Perseverance" аппараты Марс планетасын зерттеп, қызыл планетада болған немесе болуы мүмкін микробиологиялық тіршілік иелерін іздеумен айналысады. Миллиардтаған жыл бұрын бұл планетада тіршілік иесі болды ма, қазір бар ма деген сұрақтарға жауап іздейді.
NASA 2025 жылдан кейін аппараттың Марс қыртыстарынан жинаған зерттеу объектілерін жерге әкеліп, сараптамадан өткізуді де жоспарлап отыр. Жер грунттарымен Марстан келген дүниелерді салыстырып, ғаламның жаратылысы, физика, химия, биология саласында бұрын адамзат баласына белгісіз болып келген заңдылықтарды ашу мен қызыл планетаға адам жіберудің жаңа жолдарын жетілдіруді көздеуде.
Аппаратқа "Perseverance" деген атты беру процесі де қызық. Ол үшін АҚШ-та мектеп оқушылары арасында конкурс жарияланған. Оқушылар шығарма жазып, аппаратты қалай атау керектігі жайлы өз ойларымен бөліскен. Көп нұсқаның ішінен "Perseverance" яғни "Табандылық" деген атау таңдап алынған.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер