Мемлекеттік кірістер комитеті зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтарға жеке табыс салығы (ЖТС) қалай есептелетінін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зейнетақы жинақтарын алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.
- БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде - бір рет;
- БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) ұстап отырады.
Мемлекеттік кірістер комитеті салықты ұстап қалудың бірнеше мысалын көрсетті:
Салымшының жеке зейнетақы жинағының сомасы = 8 500 000 теңге;
жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 - 3 500 000).Салықты ұстап қалудың бірінші әдісі:
есептелген жеке зейнетақы жинағының сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10 пайыз = 500 000 теңге;
ұстап қалатын және бюджетке аударылатын ЖТС сомасы = 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі табыс сомасы = 4 500 000 теңге (5 000 000 - 500 000).Салықты ұстап қалудың екінші әдісі:
есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10 пайыз = 500 000 теңге;
біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі табыс сомасы = 5 000 000 теңге.
Кейінге қалдыру тәсілімен салықты ұстап қалудың екінші жолын таңдағанда, одан кейін болған жағдайлар бойынша ЖТС ұстап қалуға жекелеген ережелер белгіленген:
- Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде - зейнетақы төлемі сомасынан бір рет;
- зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде - зейнетақы төлемі сомасынан бір рет;
- қайтыс болған жағдайда - мұрагерлермен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарымен бір мезгілде ұстап қалады.